Компания туралы

SHL жөнінде

SHL 30 жылдан астам уақыт бұрын құрылған және осы уақыт ішінде қызметкерлерді әділ бағалау саласында дүниежүзілік жетекші компанияға айналды. Біз әлемнің 44 елінде жұмыс істейміз, және SHL-тің барлық бөлімшелері  бірыңғай халықаралық жүйені құрайды, бұл халықаралық іскерлік ортаның беталысына қарай ойдағыдай бағытталу үшін және әлемнің кез-келген ұлттық нарығында сарапшыларымыздың көмегін алуға мүмкіндік береді.

Талант жөнінде озық деңгейде білімі бар компания

Біздің қызметіміз

Біз ұйымдарға қызметкерлердің маңыздылығы мен қабілет деңгейін түбегейлі түсіну арқылы өте жоғары көрсеткіштерге жетуіне көмектесеміз. Өнімділіктің, табысты нәтижеге жетудің және қызметкерлердің ісінің нәтижелілігінің негізінде жатқан факторлар жөніндегі білімімізге сүйене отырып, біз

  • жұмысқа қабылдау жөніндегі шешімнің тиімділігін арттыруға;
  • қызметкерлердің әрі қарай дамуы мен сабақтастығы жөнінде сапалы шешімдер қабылдауға;
  • қайта ұйымдастыру және қайта құру бойынша іс-шаралардың нәтижелілігін арттыруға;
  • ұйымның стратегиясы мен кадрлық шешімдер арасындағы үйлесімділіктің күштірек болуына көмектесе аламыз.

Біздің қызметкерлер - өз саласының мамандары

Біздің штат 250-ден астам кәсіби психологтардан, және де көптеген психология саласындағы  жетекші мамандардан тұрады. Біздің жетекші зерттеушілердің қолдауының арқасында SHL консультанттары бірегейлі тәжірибе, кәсіби білім және іскерлік дағдылардың уйлесімділігіне ие. Осы салада улкен тәжірибесі бар консультанттардың жұмысы экономиканың барлық салаларынан 5500-ден астам компанияның қаржы көрсеткіштерінің айтарлықтай өсуіне мүмкіндік туғызды.

Жұмысымыздың принципы – ең жаңа технологияларды пайдалану

Кең масштабты зерттеулерді тұрақты түрде қаржыландыру - осы саладағы біздің артықшылығымыздың әрдайым өсіп отыруының негізі болып табылады. Технологиямызды қолданудағы уақытша және қаржылық шығынды азайту үшін біз әрдайым технологиялық және ақпараттық салада жаңа жетістіктерді енгіземіз.

Объективтік баға мен көзқарас SHL жұмысының негізі

Біз жеке тұлғалар, сол сияқты ұйымдар үшін де әділ де айқын болып табылатын, объективті түрде бағалау тәсілдерін қолданамыз. Психологтар ретінде өз жұмысымызда кәсіби стандарттарды және Ассоциация этикасын ұстанамыз. Компания жұмысын ұйымдастыру негізі болып табылатын маңызды құндылықтарымыз бар. Бұл құндылықтар ұйым ішіндегі, сонымен қатар клиенттерімізбен және серіктестерімізбен ара-қатынасымыздағы біздің іс-әрекеттерімізді реттейді. Біздің құндылықтарымыз - ол клиенттерімізге деген адалдығымыз, сенімділігіміз, этика және шынайылығымыз.

Кандидаттар жөнінде қамқорлық

Бағалау барысында біз өз назарымызды ұйымға да, сол сияқты жеке тұлғаларға да аударамыз. Бағалауды жүргізу технологияларымыз және әдістеріміз нақ, шын және этикаға сәйкес. Кандидат жөніндегі қамқорлық біз үшін клиенттеріміздің жетістіктерімен бірдей маңызды. Біздің мақсатымыз - клиенттеріміздің нәтижелілігін жоғарылату тәсілдерін табу және іске енгізу. Бағалау қызметтері нақты коммерциялық мақсатты көздейді. Біздің тарихымызда біздің қызметтерімізді қолдана отырып жеткен клиенттеріміздің көптеген дәлелденген қаржылық нәтижелері бар. Клиентпен өз экспертизамызбен бөлісе отырып, серіктестері бола отырып,  олардың өз таланттарына салынған инвестицияның нақты қайтарылу коэффициентін көрсетеміз.

Неге SHL?

Біз, ұйымдарға қызметтер мен рөлдерге дұрыс әрі дәл келетін адамдарды бағалау арқылы іріктеуге және дамытуға көмектесетін  объективті түрде бағалаудың ғылыми тұрғыдан дәлелденген құрал, бенчмарк деректерін, технологиялық шешімдер мен кеңес беру қызметтерін ұсынамыз. Біз ұсынатын құралдар мен кеңестеріміз ұйым қызметкерлерін терең түсіне отырып, әлемдегі ең табысты компаниялардың  "үздік практикаларына" сүйене отырып құрылған. Сонымен қатар бизнесте адамдардың жұмыс барысындағы қызметкерлердің іс-әрекеттері мен жұмыс істеу тәсілдері бойынша әлемдегі ең ірі дерекқор көмегіне сүйенеді.

Біз жұмысқа қабылдаудағы нәтижелілікті және қызметкерлерді әрі қарай дамыту шешімдерін жақсарта отырып, сонымен қатар ұйымның стратегиясы мен кадрлық шешімдер арасындағы үйлесімділіктігін арттыра отырып бизнестің нақты,  айғақты нәтижелеріне кепілдік береміз.

Әлем бойынша жұмысымыз бен жергілікті шарттарды уақтылы есепке алуымыздың нәтижесінде біздің бағалау құралдарымыз біз жұмыс істейтін елдердің әрқайсысы үшін бейімделген.

Будь в курсе мировых HR-тенденций!